Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды

/
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды
Ақорда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы Мемлекеттік туды және Жеңіс туын алаңға алып келді.

Жеңістің Қызыл туы – осыдан 80 жыл бұрын әйгілі отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның майдандасы Григорий Булатов Рейхстагқа тіккен тудың көшірмесі. 

Сұрапыл соғыс жылдары қазақстандық сарбаздар майданның алдыңғы шебінде, ең қанқұйлы шайқастарда ерліктің ерен үлгісін көрсетті.

1945 жылы 30 сәуірде қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тікті. Осынау даңқты ерлігі үшін Қошқарбаев сол кезде «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Ал 1999 жылы 7 мамырда Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Әскери парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары