Шымкентте 15 тонна сіріңке тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Otyrar.kz.
2025 жылғы 6 мамырда сағат 16:50-де Шымкент қаласындағы Жібек жолы көшесінде сіріңке тиелген жүк көлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 50 минут ішінде толықтай ауыздықтады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Өрт салдарынан көліктегі 15 тонна сіріңкенің 5 тоннасы жанып кеткен. Қалған бөлігі аман сақталған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.