Сенсация: «Интер» «Барселонаны» жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты (ВИДЕО)

Сенсация: «Интер» «Барселонаны» жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты (ВИДЕО)
"Интердің" ресми парақшасынан

«Интер» өз алаңында өткен Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта ойында «Барселона» клубын 4:3 есебімен жеңіп кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірінші таймнан кейін алаң иелері 2:0 есебімен алға шықты. Мартинес пен Хакан Чалханоглу (пенальти) гол соқты. Екінші таймда каталондықтар үш бірдей гол соқты. 54-минутта Эрик Гарсия гол салса, алты минуттан соң Дани Ольмо есепті теңестірді. Негізгі уақыттың аяқталуына екі минут қалғанда Рафинья салған гол каталондықтарға басымдық сыйлады. Алайда қосымша уақытта Франческо Ачерби есепті теңестірді – 3:3.

Бірінші қосымша таймда «нерадзурри» хавбегі Давиде Фраттези жеңіс голын салды.

Қос ойын нәтижесі бойынша Симоне Индзагидің командасы жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты. 7 мамырда өтетін екінші жартылай финалда «ПСЖ» өз алаңында «Арсенал» командасын қабылдайды (бірінші ойын — 1:0).

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары