«Сүт беріп жатырмыз»: Маңғыстауда сәбиін далаға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр

/
«Сүт беріп жатырмыз»: Маңғыстауда сәбиін далаға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр
Ашық дереккөзден

Маңғыстауда жаңа туған нәрестесін далаға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz ktk.kz жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында өзінің жаңа туған сәбиін тұрғын үйдің терезесінің алдына тастап кеткен әйелге іздеу жарияланды. Таңғы сағат 9:30 шамасында нәрестенің жылаған дауысын естіген ауыл тұрғыны шошып, бірден тәртіп сақшыларын және жедел жәрдемді шақырған.

Сәбидің салқындап қалған денесі бірден облыстық Ана мен бала орталығына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, шақалақ суықта ұзақ уақыт жатқан. Ол шала туған, салмағы небары 2 келі 200 грамм болған. Дене температурасы төмендеп кеткен нәрестеге шұғыл түрде қажетті медициналық көмек көрсетілген.

«Бала өте төмен температурамен жеткізілді. Денесі ылғал болған, мүмкін сыртқа оралғанымен, жеткілікті жылу сақталмаған. Қазір жағдайы орташа ауыр, бірақ бірқалыпты. Сүт беріп жатырмыз», — деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлзада Сарбалаева.

Облыстық полиция департаменті бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғап, жауапсыз анаға іздеу салды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары