Эмоциялық тұрғыда жағымсыз суреттер адамның ұзақ уақыт бойы бір іске ден қою қабілетіне кері әсер етеді. Бұл тұжырым Behavior Research Methods журналында жарияланған жаңа зерттеуде дәлелденді. Ғалымдар жағымсыз визуалды тітіркендіргіштердің (мысалы, үрей тудырған жануарлар немесе қайғыға батқан адамдардың суреттері) адамның назарын бейтарап немесе жағымды бейнелерге қарағанда әлдеқайда қатты бұзатынын анықтады.
Зерттеуде ғалымдар жаңа эксперименттік әдіс – emogradCPT тапсырмасын қолданды. Бұл – цифрларға негізделген зейін тапсырмасы, оның артқы фонында түрлі эмоционалды бейнелер көрсетіледі. Зерттеушілер осы әдіс арқылы жағымсыз визуалды мазмұнның адамның шоғырлану қабілетіне қалай әсер ететінін зерттеді.
Зерттеу авторы, Бостондағы жетекші ғылыми қызметкері Майкл Эстерманның айтуынша, бұл зерттеу эмоциялық сыртқы факторлардың зейін тұрақтылығына әсерін зерттеуде жаңа белес.
“Күнделікті өмірде көңіл-күйіміз немесе мазасыз ойлар назарымызды бөлетіні белгілі. Алайда осыны зертханада өлшеу қиын болатын. Біз осы құбылысты нақты бақылауға мүмкіндік беретін әдіс ойлап таптық,” – деді ол.
Зерттеу нәтижелері бойынша, жағымсыз бейнелер тек зейінді бұзып қоймай, сонымен қатар, кейін олар басқа бейнелерге қарағанда әлдеқайда жақсы есте сақталады және негативті эмоциялар туғызады.