Жамбыл облысында инвесторларға тиесілі жеңілдік берілмеген

/
Жамбыл облысында инвесторларға тиесілі жеңілдік берілмеген
istockphoto.com

Жамбыл облысының прокуратурасы екі ірі инвестордың құқығын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік қолдау шараларының негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өңдірушілер электр энергиясының құнын жеңілдетілген бағамен төлейді.  

Алайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өңдірушілердің  тізіміне енетін, жалпы жобалық құны 2,28 млрд теңгені құрайтын Жамбыл ауданының екі ірі инвесторы 1 кВт сағ электр энергиясы үшін жеңілдетілген 35,85 теңгенің орнына 38,44 теңгеден төлеп келген. 

Осылайша, инвесторлар мемлекет берген жеңілдіктерді алмаған.

Прокуратура араласқаннан кейін бұзушылықтар жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары