Маңғыстау облысында даладан сәби табылды

/
Маңғыстау облысында даладан сәби табылды
istockphoto.com

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің терезесінің алдына жаңа туған нәрестені тастап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Тасталған сәбиді 5 мамыр күні шамамен 09:30-да жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалған.

Оқиға туралы ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта баланың анасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасын анықтау және оның орналасқан жерін табу шаралары жүргізіліп жатыр. Нәресте перзентханаға орналастырылды», – делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары