Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде бақ сынайды. Бұл оның Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы, деп хабарлайды turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
9-11 мамыр күндері Астанада өтетін байрақты бәсекеге 49 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Ел намысын 26 ер, 14 бұрымды қорғайды.Сондай-ақ 60 келде Мағжан Шамшадин, 73 келіде Есет Қуанов, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, 90 келіде Айдар Арапов, 100 келіде Марат Байкамуров және аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев сынды ел үздіктері бар. Ал бұрымдылар қатарында Диана Буркеева, Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Ақерке Рамазанова сынды татами шеберлері бар. Ал Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева бұл жарысқа қатыспайды. Олар бапкерлік штабтың шешімімен Мажарстанда өтетін әлем чемпионатына дайындалады.