Ақтөбеде үш жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

/
Ақтөбеде үш жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
istockphoto.com

Ақтөбеде бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен үш жасар бара ауруханаға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«5 мамырда көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 3 жасар бала құлап кетті. Бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», - деді Ақтөбе облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша баланың ата-анасы міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Полиция департаменті балалар терезеден құламас үшін қауіпсіздік гараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары