Сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарында діни радикалдарды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды, олардың біреуі бұрын сотты болған.
Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұдан бөлек, ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды.
Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.