«Ертерек үйленуім де мүмкін»: Садраддин тыңдармандарын қуантып қойды

/
«Ертерек үйленуім де мүмкін»: Садраддин тыңдармандарын қуантып қойды
Ашық дереккөзден

Танымал әнші Садраддин Болат қашан үйленетінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші Садраддин Болат Almaty Arena-да өткен жеке концертінен кейін жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді. Айта кетейік, аталмыш шығармашылық кеш мамыр айында өткен болатын.

«Әзірге бойдақпын. Бар уақытымды өнерге арнап, кәсіби жолымды дамытудамын. Өмірлік жарымды жолықтырсам, міндетті түрде бөлісемін. Қазір ондай адам жоқ. Бәрі Жаратқанның қолында. Дегенмен, 30 жасқа дейін шаңырақ көтергім келеді. Ал егер шынайы ғашық болсам, ерте үйленіп те қалуым мүмкін. Бұл жайлы нақты ештеңе айта алмаймын, бәрі уақыт еншісінде», – деді Садраддин.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары