Дүйсенбі күні Бейжің уақытымен 18:53-те Тайвань аралындағы Хуалянь уезінің маңындағы теңіз акваториясында магнитудасы 5.7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz
Бұл туралы Синьхуа агенттігі ақпарат таратқан. Ақпаратты Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығы (CENC) растады.
CENC деректеріне сүйенсек, жерасты дүмпуінің эпицентрі солтүстік ендіктің 23.87 және шығыс бойлықтың 121.94 градус координаталарына сәйкес келген. Жер сілкінісінің ошағы жердің 15 шақырым тереңдігінде орналасқан.
Қазіргі уақытта қираған ғимараттар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.