2025 жылдың соңына дейін Алматыдағы 1100 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарының 800-і жаңартылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы Игорь Мысик мәлімдеді.
«Қалада ескі басқару шкафтарын жаңасына ауыстыру белсенді түрде жүріп жатыр. Жаңа шкафтарда орнатылған заманауи құрылғылар апаттық сөнулердің санын азайтуға, ақауларды тез анықтап жоюға және жалпы сыртқы жарықтандырудың сапалы әрі үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл 800 жаңа сыртқы жарықтандыруды басқару шкабы орнатылады. Бұған дейін сөнулердің 60 пайызы дәл осы жабдықтың тозуынан болған», – деді ол.