Метродағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды

Метродағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды

Метродағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды
ашық дереккөзі
Ресейдің тергеу комитеті  Санкт-Петербург метросындағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен Орталық Азия республикаларынан келген 6 азаматы ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы RT-ға сілтеме жасап 24.kz хабарлады. "2017 жылдың 5 сәуірінде Ресейдің өңірлік ФҚК мен ІІМ қызметкерлері, гвардияның арнайы жасағы жүргізген жедел-тексеру шаралары барысында осы елде жұмыс істеп жатқан Орталық Азия республикаларынан келген алты азамат ұсталды" деп жазылған мәлімдемеде. Дәл қазір күдіктілер тұратын үйлерде тінту жүргізіліп жатыр.