АҚШ-та тұратын Тим Фриде есімді ер адам жыландарға деген ерекше қызығушылығының арқасында ғылымға үлкен жаңалық әкелуі мүмкін. Ғалымдар оның қанын зерттеу арқылы адамзат үшін әмбебап антидот жасауға бір қадам жақындай түсті. Бұл туралы euronews.com жазды.
Тим Фридені жүздеген рет жылан шаққан. Кейде ол мұны әдейі жасаған. Бұл экстремалды тәжірибенің арқасында онда ерекше иммунитет қалыптасқан, қазір оған көптеген жылан уы әсер етпейді. Осы иммунитеттің арқасында ғалымдар оның қанындағы антиденелерді зерттеп, болашақта адам өмірін құтқаратын тиімді антидот жасап шығаруға үміттеніп отыр.
Тим Фриде тіпті бала күнінен бері улы жәндіктердің уын жинап, кейін оны өзіне аз мөлшерден бастап егіп үйрене бастайды.
"Басында өте қорқынышты болды. Бірақ тәжірибе жинақталған сайын, бәрі жеңілдей бастайды", - дейді ол.
Мамандар бұл әдісті қайталап көруді ешкімге ұсынбайды, алайда оның ағзасындағы биологиялық процестер ғылым үшін құнды мәлімет болып отыр.