«Ісім сенімен болсын»: Дариға Бадықова өзіне тіл тигізген психологқа жауап берді (ВИДЕО)

/
«Ісім сенімен болсын»: Дариға Бадықова өзіне тіл тигізген психологқа жауап берді (ВИДЕО)
Коллаж: turkystan.kz

Актриса Дариға Бадықова өзіне тіл тигізген психолог Шолпан Есмаханбетоваға әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында жариялаған жазбасында психологтың әрекетіне наразылығын білдіріп, өзіне тіл тигізгенін сынға алды.

«Сен кімсің? Қайдан шыққан бәлесің?! Өз ана тіліңде сөйлей алмайтын дүбара. Менің жеке басыма тиісетін кімсің сен? Қазір қалаларды аралап, қолым тимей жатыр. Сен сияқтылардың талайын көріп, көңілге алмаушы едім, ал мынауың шамыма тиді», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ ол өзін төмендету арқылы өзгелердің назарын аударуға тырысқанын айтып, бұған дейін мұндай адамдарға мән бермегенін жеткізді.

«Бізді төмендетіп, өзіңе хайп жасағың келді ме? Сен сияқты бақытсыз хайпажорға көрсетемін. Кино бітсін, ісім сенімен болсын», – деп ашуланды Дариға Бадықова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары