Астанада ауа-райы жылынған күннен бастап қан соратын жәндіктерге қарсы күрес күшейді. Сол себепті сәуір-қазан айлары аралығында Астана қаласында және оның маңында ауа райын ескере отырып, тиісті іс-шаралар жүріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дезинсекциялық жұмыстар ай сайын (сәуір-қазан) 15 күн ішінде 6 тур бойынша жүргізіледі, бұл жұмысқа 100-ге жуық адам, арнайы көлік, термогенераторлар жұмылдырылады.
Ай сайын ашық стациялар (саябақтар, гүлзарлар, көшелер, тұрғын алаптар, өзендер мен каналдардың жағалауы), сондай-ақ 120-дан астам тұрақты және 100-ден астам уақытша су айдындары өңделеді.
23 сәуірден бастап бірінші тур бойынша өңдеу басталды. Бұл жұмыс барысында кіші Талдыкөл, таяз су айдындары мен батпақты учаскелер, сондай-ақ айналма жол бойындағы және т.б. орындар өңделді. Барлығы 500 гектар аумақ өңделді.
28 сәуірде Тұран-Сығанақ-Түркістан-Достық-Тұран аумағын, Тәшенов көшесі бойымен Ақбұлаққа қарай Амман көшесіне дейінгі бағытты есепке алғанда, саябақтар, қала орталығының ашық станцияларын өңдеу басталды.
Айта кету керек, дернәсіл сатысында су қоймаларындағы фауна мен флораға зиян келтірмейтін биологиялық препараттар қолданылады. Жеке сектор (тұрғын алаптар) және ашық аумақтар (саябақ, өзендер, су айдындары, каналдар, зираттар) өңдеуге жатады.
Жеке сектор тұрғындарына арнайы уландыру дәрілері тегін таратылады, сондай-ақ қауіпсіздік нұсқамасы беріледі.
Мамандар 14-30 сәуір аралығында 30 мыңға жуық үйді аралап шықты.
1 мамырдан 1 маусымға дейін 3 264 гектар аумақтағы саябақтарды, өзен маңын, су айдындарын, каналдар мен зираттарды қоса алғанда, ашық стациялар өңделеді. Бүгінгі таңда 476 га өңделді.
Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.