Ташкентте өткен ашихара-каратэ бойынша Азия кубогінде ақтаулық спортшылар 14 алтын және екі күміс медаль иеленді.
Бұл туралы команданың жетекшісі, ашихара-каратэ бойынша Қазақстандағы ресми өкілі Игорь Отаров мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Азия кубогі 3-4 мамыр күндері өтті. Жарысқа әлемнің әртүрлі елдерінен жүзден астам спортшы қатысты.
Ката және кумитэ бағдарламалары бойынша алты жүлдегерлер: Мария Патрова, Диас Исенбай, Ардақ Дидар, Эдуард Рябинов (2 медаль), Кира Турилина (2 медаль), Алишер Абдрахман (2 медаль), Айберен Қожаберген, Нейля Жантасова, Аида Алқуатова, Нурайлым Кемалжан.
Күміс жүлдегерлер: Нейля Жантасова және Ариана Радионова.
Командалық ката бойынша алтын медаль алғандар — Мария Патрова, Диас Исенбай және Алишер Абдрахман.
«Біздің команда командалық есепте екінші орынды иеленді, тек Өзбекстан құрамасына жол бердік. Үшінші орынды Түрікменстан спортшылары алды. Біздің балалар қойылған міндетті абыроймен орындап, жігер мен мінез көрсетті, елімізді лайықты танытты. Олар техникада да, жеңіске деген ерік-жігерде де өздерінің ең үздік қасиеттерін көрсетті», — деді Игорь Отаров.