Екібастұзда жасөспірімнің қолы су тазалайтын аппаратқа қыстырылып қалған

/
Екібастұзда жасөспірімнің қолы су тазалайтын аппаратқа қыстырылып қалған
ТЖД

Екібастұз қаласында баланың қолы су тазалайтын аппаратта қыстырылып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қолын өз бетінше шығара алмай жатқан баланы көрген адамдар көмек сұрап, 112-ге хабарласты», – делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында құтқарушылар болгарканы пайдаланып, аппараттың есігін кесіп, баланың қысылған қолын шығарды.

Құтқарушылардың кәсібилігінің арқасында балаға дер кезінде көмек көрсетілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары