Әлемдік мұнай бағасында қандай өзгеріс болып жатыр?

/
Әлемдік мұнай бағасында қандай өзгеріс болып жатыр?
istockphoto.com

Әлемдік мұнай бағасы тағы да түсіп жатыр. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 60 доллардан түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 3,60 пайызға арзандап, барреліне 59,08 долларға түсті.

WTI маркалы мұнай бағасы 3,89 пайызға арзандап, барреліне 56,02 долларға түсті.

3 мамырда ОПЕК-ке мүше экспорттаушы мемлекеттер маусымда мұнай өндірісін тәулігіне 411 000 баррелге дейін арттыру жоспары туралы мәлімдеді.

Ұсыныс артқанымен, мұнайға деген әлемдік сұраныс жоғары емес. Сауд Арабиясы мен Қытай сияқты елдердегі экономикалық белсенділіктің түскендіктен мұнай да аз тұтынылуда.

Геосаяси жағдайдың ушығуы, Израильдің Иранға шүйлігуі, Мексикадағы тұрақсыздық мұнай нарығындағы баға белгісіздігіне де әсер етіп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары