Федоров аудандық соты бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол ақпараттық жүйе қолданушысын алдап, 2,5 млн теңге онлайн несие рәсімдеген. Кейін жәбірленушінің карточкасына түскен ақшаны өзінің картасына аударып алып, өз қажетіне жұмсаған.
Одан кейін 193 000 теңгеге екі тауарлық несие рәсімдеген. Нәтижесінде жәбірленушіге жалпы сомасы 2 693 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.
Сотта күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізген. Жәбірленуші қатаң жаза талап етпеді.
Сот оған 100 сағаттан мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, 4 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.