Журналист Ләйлә Сұлтанқызы уайымды, проблеманы жасыруға болмайтынын, соңы жақсылыққа апармайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Артық салмақпен күресіп жатқан марафонымдағы қыздармен Zoom кездесу өткіздім. Арасында алғысын жаудырғандар да, сұрақтың астына алғандар да, салмағы тоқтап қалғандар да, тек тыңдап отырғандар да болды. Бәрі сондай ашық, жарқын, позитивке толы қыздар екен, қуанып қалдым!», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, идеал салмақ та, мінсіз сұлулық та болмайды. Мәселенің бәрі адамның миында.
«Кейде уайымды, проблеманы «жеп» шешеміз. Ал соңы жақсылыққа апармайды. Әрине, өзіңді жеңіл әрі жайлы сезінгенге не жетсін! Бірақ ең бастысы – денсаулыққа зиян келтірмейтін, өзіңді жақсы сезінетін салмаққа ұмтылу», - деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.