«Төсегімнен ине табылды»: Жігер Ауыпбаев өзіне сиқыр жасалғанын айтты

/
«Төсегімнен ине табылды»: Жігер Ауыпбаев өзіне сиқыр жасалғанын айтты
Әлеуметтік желіден

Әнші Жігер Ауыпбаев Анна Данченкоға берген сұхбатында өзіне сиқыр жасалғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

”Өзімді өзім емес сияқты сезініп жүрдім. Мысалы, көлік айдап келе жатсам, өзім емес сияқты, сырттан қарап отырғандай болып жүрдім. Достарым әңгіме айтып отырса, оларды ести алмай, миыма кірмей кететін. Олардың айтқан сөздері есімде де қалмайтын. Шашым түсе бастады. Бел жақтарыма көз сияқты қара нәрселер шыға бастады. Киімдерімнің ішінен санмен жазылған, сырты қоршалған жазулар шықты. Төсегімнің басынан көп инелер тауып алдым.

Суицидқа дейін кетіп қала жаздадым. 3 жылдық үзілістен кейін халықтың алдына қайта шығу қиын. Көзден кетсең, көңілден кетесің деген бар. Бұл пранк халықтың назарын аудартатын нәрсе.

Осы жылдың басында Умраға барып, үлкен кісіге дем салдырдым. Ол кісі тамақ арқылы жасалған деп бәрін айтты. Кім екенін сеземін. Кім болса да аман болсын. Бәлкім, ішімде жанып тұрған жалыннан айырғысы келіп, жап-жақсы келе жатқан жолды жапқысы келген шығар. Жап-жақсы отбасымды ажыратып, менің өмірден жоқ болып кетуімді қалаған шығар”, — дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары