«Мені барлығы батыр дейді»: Ермахан Ыбрайымов өзін «мал» деп атаған адамды кездесуге шақырды (ВИДЕО)

/
«Мені барлығы батыр дейді»: Ермахан Ыбрайымов өзін «мал» деп атаған адамды кездесуге шақырды (ВИДЕО)
Фото: time.kz

Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов TikTok желісіндегі тікелей эфирде қолданушының сөзіне реніш білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Чемпионға оқырмандардың бірі еш себепіз «малсың» деп жазып кеткен.

«Өзің малсың. Олимпиада чемпионына қалай малсың деп айтып отырсың?! Сол сөзді көзіме тура қарап айта аласың ба? Ешқашан айта алмайсың. Сондықтан диванда жатып алып, сөйлей берудің қажеті жоқ. Менің қандай адам екенімді білмейсің. Менімен бір рет араласып, сөйлесіп көрген адам өзінің ойын 100 пайыз өзгертеді. Мені танитындар «Ермахан, нағыз батыр адам, Ермахан чемпион, сенің жолыңды берсін деп жатады», - деп ренжіді Ермахан Ыбырайымов.

Желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды, бір бөлігі өз қадірін өзі түсірген десе, енді бірі Олимпиада чемпионына қолдау білдіріп, олай айтуға ешкімнің хақы жоқ екенін айтып жатыр. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары