Атырауда көшеде әйелді ұрып-соққан ер адам айыппұлмен құтылды (ВИДЕО)

/
Атырауда көшеде әйелді ұрып-соққан ер адам айыппұлмен құтылды (ВИДЕО)
istockphoto.com

Атыраудағы Балықшы шағын ауданында ер адам келіншекті ұрып-соғып, тепкен видеосы жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Видеода жанжал кезінде ер адам әйелдің басынан соққы жасап, ішінен жұдырықпен ұрғанын көруге болады. Кейін желкесінен ұстап, жұлқыған.

Аталған жағдайға қатысты Атырау қаласы полиция департаменті түісінік берді.

«Аталған бейнежазбадағы құқық бұзушылыққа жол берген 1987 жылы туған ер адамға қатысты бұзақылық дерегімен хаттама толтырылған. Сот шешімімен оған 78 640 теңге айыппұл салынған», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары