Алматыда көлік аударылып, бір адам қаза тапты

/
Алматыда көлік аударылып, бір адам қаза тапты
Polisia.kz

1 мамыр 20:58-де Mercedes көлігін басқарған жүргізуші Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, бағанаға соғылып, кейін аударылып қалған, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті мәлім етті.

Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жолаушысы - 1998 жылғы ер азамат көз жұмды. Қазір адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары