«Жыланның етінен»: Мектепте 100 оқушы уланып қалған

/
«Жыланның етінен»: Мектепте 100 оқушы уланып қалған
Сурет: oxu.az

Үндістанның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комитеті мектеп асханасындағы тамақтан уланған 100-ден астам баланың улану жағдайын тексеріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, тағамның ішінде өлі жылан болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ТАСС  агенттігі жариялады.

Мәлімдемеде комитет 2025 жылғы 24 сәуірде Бихар штатының Патна қаласындағы Мокама ауданындағы мемлекеттік мектепте түскі астан кейін 100-ден астам баланың сырқаттанғаны туралы БАҚ-та жарияланған хабарды өз бастамасымен зерттегені айтылған. «Болжам бойынша, аспаз тағамның ішінен өлі жыланды алып тастап, балаларға сол асты берген», – деп мәлімдеді комитет.

Ведомство бұл оқиға расталса, «оқушылардың құқықтарының өрескел бұзылғанын көрсететін өте күрделі жағдай» екенін атап өтті. Сол себепті жергілікті биліктен екі апта ішінде бұл жайт бойынша егжей-тегжейлі есеп беру талап етілді. Есепте балалардың денсаулығы жайлы мәлімет те қамтылуы тиіс.

Үндістандық БАҚ мәліметінше, шамамен 500 бала құрамында өлі жылан бар тағам жеген. Оқиға салдарынан балалардың уланғаны туралы хабар халық арасында наразылық туғызып, тұрғындар жолды жауып тастаған. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап, кінәлілерді жазалауды талап етуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары