"Балам, мен рентгенмін": Әнші Сейфуллин Жолбарыс әкесі әйелін алғашында қалай қабылдағаны туралы айтты

/
"Балам, мен рентгенмін": Әнші Сейфуллин Жолбарыс әкесі әйелін алғашында қалай қабылдағаны туралы айтты
сурет: www.instagram.com/s_zholbarys_official

Әнші Сейфуллин Жолбарыс отбасылық естеліктерін бөлісті. Ол Бірінші арнадағы "Көреміз Шоу" бағдарламасында әкесінің өз әйелін алғаш қалай қабылдағанын еске алды. Ол келіннің орыс ұлтынан болғанына қарамастан, үлкендердің бұл шешімді жылы қабылдағанын айтты.

— Жоқ, таныстырған кезде солар айтып тұр ғой “осыны ал” деп. Көңілінен шығып тұрғаны ғой, — дейді Жолбарыс.

Сөз арасында әнші жарының әкесіне ерекше құрметпен қарағанын да атап өтті.

— Марқұм әкеме жақсы қарады ғой. Әкем батасын беріп кетті. Өзі айтқан нәрсесінің бәрі орындалды, — дейді ол.

Сейфуллин Жолбарыс әкесінің көрегенді болғанын де ерекше атап өтті:

— Енді ол кісі тоқсаннан асқан кісі. “Балам, мен рентгенмін” деп айтатын. “Керек болса, достарыңды алып кел. Қайсысы адал, қайсысы онша емес екенін айтып беремін саған” дейтін, — деп жылы естеліктермен бөлісті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары