Қазақстанда ерлерге арналған жаңа екпе түрі енгізілуі мүмкін

/
Қазақстанда ерлерге арналған жаңа екпе түрі енгізілуі мүмкін
Ашық дереккөзден

Елімізде тағы да бір екпенің түрі пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе тек қыздарға ғана емес, ұлдарға да егілуі мүмкін.

Сондай-ақ, АПВ-ға қарсы екпені тілек білдірушілер үшін ақылы негізде алу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Еске салайық, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда 11 жастағы қыз балаларға жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында АПВ-ға қарсы ерікті вакцинация енгізілді. АПВ — негізінен жыныстық жолмен жұғатын, өте кең таралған вирус. АПВ-дың 100-ден астам түрі бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары