Жетісуда шенеуніктер инвесторларды заңсыз тексерген

/
Жетісуда шенеуніктер инвесторларды заңсыз тексерген
istockphoto.com

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдар прокуратура органдарымен келіспей, инвесторларға қатысты талап қою, әкімшілік немесе шектеу сипатындағы шараларды қабылдауға құқы жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған қарамастан Жетісу облысында инвесторлардың құқықтарының бұзылуына жол берілген.

Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі және Көксу ауданының полиция бөлімі аумақтық прокурорлармен келіспей, инвесторларға қатысты тексерістер тағайындаған.

Сол сияқты, Талдықорған қаласының полиция басқармасы да прокурорлардың келісімінсіз, көші-қон заңнамасын бұзу дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Прокурорлар араласқаннан кейін жүргізілген тексерістер мен әкімшілік хаттама заңсыз деп танылып, күшін жойды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары