Жанар Айжанова қызының тойына қатысты құпияны айтып қойды

/
Жанар Айжанова қызының тойына қатысты құпияны айтып қойды
instagram

Белгілі әнші Жанар Айжанова «1001 түн» бағдарламасында берген сұхбатында қызы Айжұлдыз Адайбекованың үлкен тойы қашан өтетінін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz. 

Өнер иесі қызының ұзату тойынан келе сала Астанадағы концертке дайындалып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ол гастрольдік сапарларының уақытын бөлісу кезінде отбасылық іс-шарасына қатысты ақпаратты айтып қалды.

«Әрине, Алматы мен Астанада ғана емес, оңтүстік өңірлерді де аралаймыз. Мамырдың 3-і күйеу баламның тойы. Оған енді бармасам болмайды ғой, құдағимын. Сол тойдан кейін, шамамен 10 мамырдан бастап Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларына барамыз», – деді Ж. Айжанова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары