«Үйінен құнды заттар ұрланған»: Атырауда жүкті әйелдің мәйіті табылды

/
«Үйінен құнды заттар ұрланған»: Атырауда жүкті әйелдің мәйіті табылды
istockphoto.com

Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде жүкті әйелдің өліміне қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

Денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 46 жастағы әйелдің мәйіті «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүкті болған.

Куәгерлердің айтуынша, әйелді пышақтап кеткен, оқиғадан кейін әйелдің пәтерінен құнды заттары ұрланған. Қазір оқиға орнында жедел теруге тобы жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратты жергілікті полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары табылған, ал пәтеріндегі сейф бұзылған.

Адам құқықтары жөніндегі комитеттің хабарлауынша, марқұмның туыстары оларға көмек сұрап жүгінген. Олар тергеудің әділдігіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Құқық қорғаушылар оқиғаның кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеру қажеттігін айтып, істің толық әрі ашық тергелуін талап етті.

«Мемлекет марқұмның отбасына шынайы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, кінәлілердің табылып, лайықты жазасын алуына кепілдік беруі тиіс», — делінген комитет хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары