Франциялық «Пари Сен‑Жермен» командасы Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы кездесуде лондондық «Арсенал» командасын өз алаңында 1:0 есебімен ұтып кетті.
Бұған дейін қос команда Чемпиондар лигасында үш рет кездескен-тін. 2016/2017 жылғы маусымдағы топтық кезеңде екі команда да тең түскен болатын. Биыл күзде «Арсенал» Чемпиондар лигасының екінші турында «ПСЖ» командасын 2:0 есебімен ұтқан болатын.
Одан бөлек, қос команда Кубок иегерлерінің жартысында кездескентін. Бірінші кездесу 1:1 есебімен аяқталса, екінші ойында «канонирлер» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
«ПСЖ» мен «Арсенал» арасындағы қарымта кездесу 7 мамырда Парижде өтеді.