Акула досын құтқармақ болған туристі бөлшектеп тастады

/
Акула досын құтқармақ болған туристі бөлшектеп тастады
Сурет: oxu.az

Қайғылы оқиға Мексиканың танымал Канкун курортында, Кинтана-Роо штатында орын алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Oxu.Az порталының мәліметінше, 23 сәуір күні жергілікті жағажайдан АҚШ-тан келген 20 жастағы туристтің – Алехандро Гонсалестің – акулалар шабуылының құрбаны болған дене қалдықтары табылған. Куәгерлердің айтуынша, марқұмнан тек басы ғана қалған.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, Гонсалес 20 сәуірде, яғни үш күн бұрын, суға батып бара жатқан қызын құтқармақ болып, ағыспен алысқа кеткен. Қыз жағаға аман жеткенімен, жігіт қатты ағысқа қарсы тұра алмаған. Оқиғаға куә болған жолдастары бірден жергілікті билікке хабар бергенімен, үш күнге созылған іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген.

Кейінірек жағажайға адам сүйектері шығып қалғанда, билік өкілдері жас жігіттің теңіз жыртқыштарының құрбаны болғанын растады.

Оқиға бойынша тергеу амалдары басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары