Әнару Құрманәлі Фейсбук әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жан айқайын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ал енді менің тәрбиеме келетін болсақ… Анам өте жақсы, адал, таза, ақылды адам. Оның қандай екенін бүкіл Қазақстан біледі. Анам бар өмірін жақсылыққа, адалдыққа, адамдарды өсіруге, дамытуға, көтеруге арнады. Анам үйден шығармай, 24/7 қарауында ұстады. Таза үйдің қызы болдым. Кішкентайымнан үйдің тірлігін жасап, тамақ пісіріп, тіпті базарға 8-9 жасымнан бастап 5-10 келі азық-түлікті көтеріп апарып, сауда жасайтын едім. Әрдайым анамның жанындағы кішкентай қолғанаты болып өстім. Кейін 11-сынып бітіріп Алматыға оқуға түстім. Сол Алматыға бармауым керек еді. Мен Алматыға кеткеннен кейін 3-ші курсқа өтіп, оқуымды бастап жатқан кезім болатын. Оралда қалып анамның жанында болсам анам ауырмас еді. Қас-қағым сәтте, 3-4 айдың ішінде 2016 жылы ауруы белгілі болды. Қанның қатерлі ісігі, лейкоз яғни (множественная миелома) диагнозына шалдығып, анамнан 20 жасқа енді келген шағымда айрылып қалдым. Анамнан айрылғаннан кейін Жанқошқа ұшырап жетімдіктің, бақытсыздықтың, әділетсіздіктің не екенін түсіндім! Ал енді іске келетін болсақ. Сот ісі әлі жүріп жатыр. Адвокаттарым өз ісін өте тиянақты, кәсіби түрде орындап жатыр. Енді қалғаны Алланың еншісінде. Анамның әруағы қорғап келеді. Көрмеген азабым жоқ, соның барлығынан аман-есен келе жатқаным әппақ жүрегім мен Алланың, анамның қорғауында болғанымның белгісі деп білемін», - деп жазған ол.