Солтүстік Қазақстанда әке-шешесінің бейітіне барған әйелге ағаш құлап, қаза тапты

/
Солтүстік Қазақстанда әке-шешесінің бейітіне барған әйелге ағаш құлап, қаза тапты
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының Булаево қаласының ауруханасында ағаш құлаған әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірде екі күннен бері ауа-райы бұзылып тұр. Секундына 32 метрге дейін қатты жел соққан.

Жақындарының бейітінің басына барған әйелге ағаш құлап кеткен.

«Қоңырау 11:58-де түсті. Әйел адам аудандық аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Түскен кезінде жағдайы өте ауыр болды. Өкпе-жүрегіне реанимациялық процедуралар жасалғанымен, әйелге көмегі болмады. Ол көз жұмды», - деді аудандық аурухана өкілі.

Көз жұмған әйел адам 69 жаста болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары