Ақтөбеде инвесторларға тиесілі жеңілдіктер берілмеген

/
Ақтөбеде инвесторларға тиесілі жеңілдіктер берілмеген
istockphoto.com

Ақтөбе қаласының прокуратурасы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда орналасқан инвесторларға арналған жеңілдетілген тарифтің қолданылмау фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу қағидаларына сәйкес, аталған аймақтарда «Энергосистема» ЖШС-і электр энергиясына «жеңілдетілген тариф» қолдануға міндетті.

Алайда 17 инвестор тұтынылған электр энергиясы үшін заңды тұлғаларға белгіленген жалпы тариф — 1 кВт сағ үшін 49,99 теңге мөлшерінде ақы төлеген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде «Энергосистема» ЖШС аталған кәсіпкерлерге 1 кВт сағ үшін 38,86 теңге мөлшерінде «жеңілдетілген тариф» белгіледі.

Осылайша, инвесторлар үшін электр энергиясының тарифі 49,99 теңгеден 38,86 теңгеге дейін төмендетілді.

Бұл шара инвесторлардың шығындарын азайтып, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Прокуратура араласқаннан кейін инвесторлардың құқықтары қалпына келтірілді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары