Петропавлда үйдің іргетасынан 46 мылтық ұңғысы табылды (ВИДЕО)

/
Петропавлда үйдің іргетасынан 46 мылтық ұңғысы табылды (ВИДЕО)
sqo_pd

Петропавлдағы Заречный кентінде бөгеттерді нығайтып жатқан әскерилер 50-ге жуық мылтық ұңғысын тауып алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қарудың бөлшектері цементпен бірге үйдің іргетасына қаланған. Аталған учаскеде кезекшілік атқарып жүрген полицейлер іргетасты бұзып, 46 мылтық ұңғысы мен аңшылық қарудың бөлшектерін алып шықты.

Тәртіп сақшылары табылған заттарды қаптарға салып, Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі табылған қару бөлшектеріне қатысты тергеу жүргізіліп, оны іргетаспен бірге кім қалағаны анықталатынын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары