Павлодарда мазарда тұрып жатқан адамдар анықталды

/
Павлодарда мазарда тұрып жатқан адамдар анықталды
instagram.com/zhaloby_pavlodar/

Әлеуметтік желіде Павлодардағы Пахомовский мазарында түсірілген видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлер онда үй-күйсіз адамдардың тұрғылықты баспанаға айналдырып, қоқысқа толтырып тастағанын таспаға түсірген.

Таспадан киім-кешек, көрпе, ойыншық, тағы басқа заттарды көруге болады.

«Біз өз аумағымыздағы қоқысты шығардық, бірақ барлық қоқысты шығару мүмкін емес. Қоқыс тым көп. Мазар әкімшілігіне бардық, бірақ олар ештеңе білмейтінін жеткізді», - деді ролик авторы.

«Бұзушылық жасағаны үшін мазар әкімшілігің төрағасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ тексеріс жүргізген кезде тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалар болмаған», - деді полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары