Жақын күндері Астана мен Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа-райы құбылмалы болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанадағы ауа-райы
29 сәуірде ауа-райы құбылмалы болады, түнде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Ауа-температурасы күндіз-түні 9-11 градус жылы болады.
30 сәуірде ауа-райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 11-13 градус жылы.
1 мамырда ауа-райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метрге дейін жел соғады. Түнде 2-4 градус, күндіз 15-17 градус жылы.
Алматыдағы ауа-райы
29 сәуірде ауа-райы құбылмалы болады, күндіз аз ғана жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 30-32 градус жылы болады.
30 сәуірде ауа-райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады.
1 мамырда ауа-райы құбылмалы болады, арасында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады.