Семейлік мұғалім оқушы қызға қол жүгірткен (ВИДЕО)

/
Семейлік мұғалім оқушы қызға қол жүгірткен (ВИДЕО)
istockphoto.com

NeMolchi.kz қоры семейлік ұстаздың сабақ үстінде оқушы қызға орынсыз іс-әрекет жасағаны түсірілген видео жариялады.

Кадрда мұғалім оқушы қыздың жанына тұрып, оның мойнынан сипап, бетінен ұстап тұрғанын, ал қыз баланың қозғала алмай, қарсы тұра алмағанын көруге болады. Мұндай жағдайдың бірнеше рет болғаны да айтылады.

Анықталғандай, видео 2023 жылы түсірілген. Оқушы қыз қазір 9-сыныпта оқиды.

Әлеуметтік желіде жарияланған хабардан кейін Балалар құқығын қорғау комитеті тексеру жүргізді.

«Балаға жағымсыз қылықтар жасаған мұғалім қазіргі уақытта білім беру саласында жұмыс істемейді. Комитет мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына да хабарласты», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары