Жыл сайын адамдар орта есеппен 88 күнін телефон экранына қараумен өткізеді. Бұл – ұйқыны есепке алмағандағы өмірдің төрттен бір бөлігіне тең. dazeddigital.com-да жарияланған зерттеулерге сүйенсек, ересектер күніне 6 сағат, ал Z буынының өкілдері тіпті 12 сағатқа дейін смартфон қолданады.
Соған қарамастан, адамдардың көбі "цифрлық технологиялардан шаршау" синдромынан зардап шегіп жүргенін мойындаған. Алайда олар гаджеттерден толықтай бас тарта алмайды, себебі барлық жұмыс, қарым-қатынас және күнделікті өмір сол құрылғыларға тәуелді.
Сарапшылар бұл құбылысты "жаңа нормамен" байланыстырады: қазір демалу, жұмыс істеу, тіпті бос уақытты өткізу де – барлығы цифрлы кеңістікте өтеді. Алайда экран алдында тым көп уақыт өткізу психикалық және физикалық денсаулыққа елеулі әсер етуі мүмкін.
Сол үшін мамандар күніне кем дегенде бірнеше сағатты гаджетсіз өткізуге кеңес береді.