«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
2026 жылғы 2 қарашада Жезқазған, Балқаш, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Түркістан, Алматы, Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.