«Келбетіне қарамаймын»: Назым Қызайбай өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты

/
«Келбетіне қарамаймын»: Назым Қызайбай өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты
Фото: Instagram/nazym_kyzaibay09

Қазақ қыздарының арасында алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы және Азия чемпионы атанған Назым Қызайбай өзі сыйлар жігіттің қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

"Мен ер азаматтың түр-сипаты мен кескін-келбетіне еш қарамаймын. Бір сөзді, берген уәдесінде тұратын, өзінің жақынын ғана емес, бар әйелді сыйлайтын ер азаматты сыйлаймын", - дейді Назым.

Жалпы өмірімде маған жақсылық жасаған жандарды ұмытпауға тырысамын деген ол, шын ниетімен жақсылық жасағысы келген адам одан еш қайтарым сұрамайтынын айтады.

"Кейбір адамдар ой менің жолым болмады, жұмыс таппадым, өмірім дұрыс емес деп жатады. Оның бәрі сылтау. Еңбек етемін деген адамға қазір мүмкіндік өте көп. Адам жалқау болмау керек, тек еңбек ету керек", - деп түйіндеді үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары