Ирандағы Шахид-Раджаи портындағы жарылыстан қайтыс болғандардың саны 28 адамға жетті. Бұдан бөлек 1 139 адам зардап шекті. Провинция губернаторы Хормозган Мохаммад Ашури үш күндік аза тұту жариялады.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, жарылыстан кейін тараған өрт 80 процентке ауыздықталған соң от қайта тұтанған.
The New York Times газеті портта натрий перхлораты жарылуы мүмкін екенін жазды. Оны зымыран отыны үшін пайдаланады. Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша дәл сол затты дұрыс сақтамаған. Соның салдарынан жарылыс болған. Зымаран отыны Шахид-Раджаи портына наурыз айында жеткізілген болатын.
Айта кетері, 26 сәуірде портта қатты жарылыс болды. Оның дыбысы 26 шақырым шалғай жердегі Кешм аралында да естілді.
Шахид-Раджаи – Ирандағы ірі порт. Ол арқылы транзиттік жүктердің басым бөлігі өтеді. Төтенше жағдайдан кейін порттың жұмысы тоқтатылды.