Танымал әнші Ерке Есмахан тұңғыш ұлын туған күнімен құттықтады.
Өнер иесі үлкен ұлы Мүслім мүшел жасқа келуімен құттықтап, жазба арнады.
«Ал мен бүгін тудым. 13 жыл бұрын дәл осы баланы тудым. Ішімдегі әлі шықпады. Жаным, балам. Туған күнің құтты болсын. Ақылды, денің сау, иманды бол. Біз сені жақсы көреміз. Папаң екеуміздің үмітімізді ақта»,- деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әншінің күйеуі Райм да туған күн иесіне арнап жылы лебізді жазбасын арнады.
«Алғашқы мүшел жасың құтты болсын. Берекелі ақыл толар, қуанышқа толы болсын балам! Өміріңе дұрыс бастау болсын, біз әрдайым сенімен біргеміз, қолдаймыз, саған сенеміз!», - деп жазды Райм.