Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау досы Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, Берденовтың жағдайы жақсы бола бастаған.
Құдайға шүкір, Руслан Берденов досымыздың беті бері қарай бастады. Ол сөйлеп, күніне 9-10 қадам баса бастады. Жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді. Тілеулес болған баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз, - деді Сырымбек Тау.
Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болды.
Оқиға болған күні күдікті Ернар Жиембай ұсталып, полиция оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Күдікті байланысты деген кәсіпорын – «Тұрғын үй Шымкент» – 2016 жылы маусымда тіркелген. Кәсіпорында 21-30 адам жұмыс істейді.