2025 жылдың сәуір айында Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылында бір топ адам түн ортасында бөтен біреудің үйіне басып кірген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар мас болған. Жәбірленушінің үйінің есігін сындырып, күш қолданған. Бұрын жәбірленушінің ұлымен сөзге келіп қалған олар, есеп айырыспақ болған.
Ұзынкөл аудандық соты қылмыстық істі «Топ болып, күш қолданып, түнде бөтен біреудің үйіне басып кіру» бабы бойынша қарады.
Сотталушылар кінәсін толық мойындап, өкінетіндерін жеткізген.
Сот үкімімен олардың әрқайсының 1 жылға бас бостандығы шектелді. Осы мерзімде олар пробациялық бақылауда болады.