Қол талмайды, жүк түсірмейді: Бұрын-соңды болмаған пішіндегі компьютер тышқаны пайда болды

/
Қол талмайды, жүк түсірмейді: Бұрын-соңды болмаған пішіндегі компьютер тышқаны пайда болды
сурет: Razer

Razer алғаш рет тік тұратын компьютер тышқанын ойлап тапты.  Жаңа құрылғыны шығарудағы басты мақсат – ұзақ уақыт жұмыс істегенде қолдың тез шаршамауына және пайдаланушыға мейілінше жайлы болуына жағдай жасау.

Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа өнімнің эргономикалық пішіні бұғана мен білекке түсетін күшті азайтады, бұл әсіресе кеңсе қызметкерлері мен геймерлер үшін аса маңызды.

Pro Click V2 және оның Vertical Edition нұсқасы бағдарламаланатын батырмалармен, Razer Chroma жарықтандыруымен және ChatGPT не Microsoft Copilot жүйесіне тез қол жеткізуге арналған "AI Prompt Master" функциясымен жабдықталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары