Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстер іске қосылады

/
Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстер іске қосылады
istockphoto.com

 1 маусымнан бастап Air Arabia Abu Dhabi әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады.

«ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Осы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуетасымалдау нарығына БАӘ-ның Air Arabia Abu Dhabi жаңа әуекомпаниясы кіреді.

Әуекомпания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары